Жарнама
Медицина

Былтыр өңірде 400 мыңға жуық рецеппен тегін дәрі-дәрмек берілді

Қазақстанда белгілі бір санаттағы азаматтар мемлекет тарапынан тегін дәрі-дәрмек алу құқығына ие. Бұл мүмкіндік кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде қарастырылған, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2024 жылы Атырау облысында 337 197 ересек және 46 029 бала тегін рецепті бойынша дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.

-«Денсаулық сақтау министірлігінің 075 бұйрығына сәйкес әлеуметтік осал топтар, созылмалы және әлеуметтік маңызы бар аурулары бар науқастар, сондай-ақ белгілі бір аурулары бар балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл үшін азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға тіркеліп, дәрігердің қабылдауынан өтуі қажет. Қажеттілік расталған жағдайда дәрігер электронды рецепт жазып береді, сол рецепт негізінде келісімшарт жасалған дәріханалардан белгіленген дәрі-дәрмектерді алуға болады», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс дәрі-дәрмекке жауапты маманы Диляра Болатқызы.

Айта кетейік, тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізімі жыл сайын жаңартылып отырады. Бұл жөнінде толық ақпаратты өз емханаңыздан біле аласыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button