Бұрынғы әріптестерінің қатысуымен» Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының » экс-директорына үкім шығарылды
Департаменттердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құқық бұзушы ұжымының қатысуымен үкімді жария ету практикасы басталды.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директорына бұрынғы әріптестерінің қатысуымен үкім шығарылды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен Атырау соттарында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жаңа тәсіл қолданыла бастады. Енді сыбайлас жемқорлық баптары бойынша үкім сотталушы еңбек еткен ұжымның қатысуымен жарияланады, — деп атап өтті Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Мамыт.
Сотталушы ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігінде, 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.