Жарнама
Медицина

Биыл Атырау облысы әкімі гранты арқылы оқыған 13 дәрігер жұмысқа орналасты

Облыс әкімінің гранты арқылы резидентурада білім алған 13 дәрігер аймақтағы түрлі медициналық мекемеге жұмысқа орналасты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірде дәрігер тапшылығы мәселесін шешу үшін 2017 жылдан бері Атырау облысы әкімдігінен 616 грант бөлінген. 2018 жылдан бастап резидентура бағдарламасы бойынша білім аламын деген мамандарға да грант қарастырылған. Облыс әкімдігінің гранты арқылы резидентураны оқып, Атырауда жұмыс істеп жатқанның маманның бірі – Қуаныш Құбайдоллаұлы. Қазір ол облыстық кардиологиялық орталықта қызмет етеді.

-2021 жылы облыс әкімдігінің грантына ие болып, Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы медицина университетінде білім алдым. Нақтырақ айтқанда, реаниматолог мамандығы бойынша резидентурада оқып келдім. Қазіргі уақытта облыстық кардиология орталығында дәрігер-реаниматолог болып қызмет етудемін. Бізден кейінгі жастарға осындай мемлекет тарапынан қолдаулар болса маман тапшылығы мәселесін шешуге болады деген сенімдемін,- деді Қуаныш Құбайдоллаұлы.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми мәліметіне сүйенсек, биыл дәрігер боламын деген 113 атыраулық облыс әкімдігінің грантына ие болған. Оның 82-сі — бакалавриат, 31-і резидентураға түскен.

-Өңірде жұмыс істеймін деген дәрігерлерге көрсетілетін қолдау жыл санап артып келеді. Кадр тапшылығын шешу мақсатында Атырау қаласына келіп, облыс орталығында қызмет етуге ниетті медициналық мамандарға 5 млн. теңге, аудан орталықтарына барған дәрігерлерге 8,5 млн. теңге бір реттік жәрдемақы беріледі. Ал аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерде жұмыс істейтін ақхалаттыларға берілетін жәрдемақы мөлшері 10 миллион теңгеге жетті. Одан бөлек, сала мамандарын баспанамен қамтамасыз етуге арналған өңірлік бағдарлама да жүзеге асып жатыр, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Әбілова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button