Жарнама
Медицина

БІЛІКТІ ДӘРІГЕР, ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ ЕДІ

Қыдырқожа Абдолкәрімұлының тағы бір қыры – ғалымдығы еді. Ол ғылымға жастайынан ден қойды. 31 жасында кандидаттық диссертация қорғады. ҚР Ұлттық Ғылым академиясына мүше-корреспондент болып сайланды. Өзі еңбек еткен кафедра ұжымымен бірге ішкі аурулар жөнінде оқулықтар мен оқу құралдарын дайындауға ерекше көңіл бөлді. 1990 жылы ғылым докторы атанды. 

Өмірлік тәжірибесі мен білімін еліміздің әр түкпірінен дертіне дауа іздеп Ақтөбеге келетін сырқаттарды емдеуге де арнады. Терапевт-дәрігерлердің біліктілігін көтеру курстарында ол оқыған лекциялар жоғары бағаға ие болды. 150-ге жуық ғылыми еңбек жазды, оның жиырмадан астамы оқулық, оқу құралдары, анықтамалар мен монография, сөздіктер түрінде жасалды. Білгенге, бұл – үлкен еңбек. 

Өзі қанаттандырған студенттерінің арасында ғылым саласына ден қойғандар  да  аз болған жоқ. Қыдырқожа Абдолкәрімұлының жетекшілігімен бір докторлық, он кандидаттық  диссертация  қорғалды. 

Қоғамдық жұмыстардан да ол тысқары қалған жоқ. Терапевт дәрігерлердің республикалық ғылыми қоғамы президиумының мүшесі, облыстық ғылыми қоғамның төрағасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы аттестациялық комиссиясының мүшесі де болды. 

Ұзақ жылғы еңбегі елеусіз қалған жоқ. Еліміздің жоғары марапаттары – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін иеленді. Мақтау қағаздарының өзі бір төбе. 

Өмірде өзіндік із, азаматтық айтулы істер қалдырған жерлесіміз  Қыдырқожа  Абдолкәрімұлы өткен жылдың соңында бақилық болды. 

Бақытгүл БАБАШ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button