Жарнама
Медицина

Берекедегі дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды

Атырау қаласындағы Береке ауылында салынып жатқан жаңа медициналық нысанның құрылысы толықтай аяқталды. Амбулатория бір уақытта 25 келушіні қабылдауға мүмкіндік береді. Биыл ақпан айында құрылысы басталған нысан қазанның соңына дейін пайдалануға беріледі, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

51168446 ff54 4b6a 8336 c477dc57861d

Амбулатория ішінде балалар бөлімі, төрт орындық күндізгі стационар, жеке оқшаулау кабинеті, зертхана, стерилизациялық және жуу бөлмелері бар.

7e63b6d4 ba13 418c ae14 04e6ab7d4204

-Бір қабатты амбулатория заманауи талаптарға сәйкес жобаланып, қажетті инженерлік және медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Жаңа медициналық нысан ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық көмекті қолжетімді әрі сапалы түрде көрсетуге мүмкіндік береді, — деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.

7b6e9bee f783 4d0f a356 7350a2c971bb

Қазір өңірде екі емхана, қос дәрігерлік амбулатория, жедел жәрдем станциясы, радиологиялық корпус және мүгедектерге арналған оңалту орталығының құрылысы жүргізілуде. Сонымен бірге «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 15 нысанның құрылысы басталып, оның 10-ы пайдалануға берілді, ал қалған 5 нысанның құрылысы ауыспалы түрде жалғасуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button