Жарнама
Медицина

Азғырда жаңа медициналық нысандар салынуда

Аудан әкімі Абат Жанғалиев Азғыр өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап, олардағы ахуалды бағамдап қайтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, құрылыстың қай-қайсысы болса да сапалы әрі уақытылы атқарылуы керектігін айтып, ескертулер жасады.

Алдымен аудан әкімі Азғыр ауылдық округі, Қоңыртерек ауылындағы медициналық пункт құрылысы жұмыс барысымен танысты. Мердігер мекеме “ Декор” ЖШС құрылысын бастаған нысанды 2024 жылдың аяғына дейін толықтай аяқтау жоспарланған. Тапсырыс беруші Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы болып табылады.

Келесі нысан Балқұдық ауылындағы дәрігерлік амбулатория. Мердігер мекеме «Декор» ЖШС-і. Құрылысы аяқтала келді.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Сүйіндік ауылынан бой көтеріп жатқан 48 орындық спорт кешені құрылысымен танысты. Мердігер мекеме «Номад Құрылыс компаниясы» ЖШС-і. Мұндағы құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button