Жарнама
Медицина

Ауруханадағы науқастар Маңғыстауға тасымалдануда

Төтенше жағдайға байланысты емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орталық ауруханада ем алып жатқан 70 науқас Бейнеу аудандық орталық ауруханасына көшірілді.

Олар 14 жедел-жәрдем реанимациялық автокөлігімен және 50 адамдық екі ikarus көлігімен тасымалданады.

-Қазір ауруханада 77 науқас ем алып жатыр. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көршілес облысқа тасымалдап жатырмыз. Аурухананың жан сақтау бөлімінде екі, хирургия бөлімінде 12, терапия бөлімінде 10, балалар және босану бөлімінде бірнеше науқас бар. Оларды қауіпсіз орынға көшіру мақсатында эвакуация жүріп жатыр. Жағдайы ауыр науқастар реаниматологпен, анестезиологпен және толық жабдықталған ИВЛ аппаратымен барады. Жатып баратын науқастар жедел-жәрдем көлігімен, отырып баратындар ikarus-пен қатынайды,-деді ауданның бас дәрігері Асұлан Абдрахманов.

Сонымен қатар науқастармен бірге емдеуші дәрігерлер ілесіп барады. Олар дәрі-дәрмектің барлық түрімен қамтылды. Қызметкерлер Бейнеу аудандық ауруханасына бара отырып, емдеу-сауықтыру жұмыстарына көмектеседі. Жалақысы іссапар ақысы негізінде төленеді. Ал аудандық аурухана жағдай тұрақталғанға дейін тек алғашқы көмек көрсетеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button