Қауіпті дәріні қайтарыңыз!

add.ua vazar n 160 mg 125 mg tabletki 90 32 Медицина

Қытайда шығарылған «Валсартан» (80 мл) немесе «Вазар» (таблетка күйіндегі) деп аталатын дәрі-дәрмек адам ағзасына қауіпті деп танылып отыр. Нақтырақ айтқанда, дәріні дайындау барысында кейбір өзгерістерге жол берілгені анықталған. Сондықтан, дәрігерлер оны шұғыл түрде басқа препаратпен ауыстыру қажеттігін ескертеді. 

add.ua-vazar-n-160-mg-12,5-mg-tabletki-№90-32

Осыған орай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс кардиологы Жанара Оралбекова, Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің облыстық департамент басшысы Сара Оразова журналистерге түсініктеме берді.

«Нортиван» және «Кардофикс» дәрілерінің сатылуына да тыйым салынуда. Соңғысы елімізге әзірге әкеліне қойған жоқ. Оларды тегін алған науқастар қыркүйекке дейін дәріханаға тапсырып, орнына басқасын алуы керек. Тек аталған препараттардың сериялық нөмірі (471217, 471317, 301717, 333217, 209917, 419817, 419917, 420017, 488117) талапқа сай келсе болғаны. Содан кейін дәрігер жаңа емдеу курсын белгілейді. Бұл туралы Атыраудағы төрт дәрі қоймасы мен барлық емдеу-сауықтыру орындарына ескертілді, – дейді кардиолог.

Қайтарылған дәрілер «СК Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы жиналып, өндірушілерге жіберіледі. Осыған дейін облысқа жеткізілген 3785 дәрі қорапшасының (әрқайсысында – 30 таблетка) бүгінде 2859-ы таратылған. Ал, қалғаны қайтарылған. Әзірге оның жанама әсері жөнінде тұтынушылардан ақпарат тіркеле қоймапты.

Амандық Cағынтайұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз