Жарнама
Медицина

Атырауға әлем мойындаған дәрігерлер келді

Атыраулық 80 дәрігер шетелде білімдерін жетілдірмек.

Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев баспасөз брифингінде мәлім етті.

-Біздің басты мақсатымыз — медицина саласындағы мамандардың білімін жетілдіру. Атырау өңіріне Израильдегі ең үздік медициналық орталықтың мамандары келіп, шеберлік сағаттарын өткізуде. Сондай-ақ, Атыраудан 80 дәрігерін 2-3 ай көлемінде Израиль, Ресей, Түркия, Германия сынды мемлекеттерге өз білімдерін жетілдіру мақсатында жіберу жоспарлануда, деді А.Байдуәлиев.

-Біздің шеберлік сағаттарымыздың мақсаты облыста медицина саласында жұмыс жасап жатқан кадрлардың деңгейін арттыру. Олардан жақсы нәтижие шығарып, тұрғындарға ем алуға қолайлы жағдай жасау. Денсаулық сақтау басқармасы да Атырау халқының басқа елге бармай, өз жерінде ем алуға барлық мүмкіндіктерді жасауға дайын. Арнайы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіп, дәрігерлерді үнемі жетілдіруде. Бұл шеберлік сағаттарынан кейін мамандарға арнайы Халықаралық деңгейдегі сертификаттар беріледі, дейді MVI медициналық орталықтың бас директоры Н.Меллех.

Айта кетейік, алдағы жылдары Атырауда бірқатар медициналық орталықтарды ашу жоспарлануда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button