Жарнама
Медицина

АТЫРАУҒА 40 МЫҢ ДАНАҒА ЖУЫҚ ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Атырау облысына біріктірілген вакциналар ККП – қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы 39 мың 900 данасы жеткізіледі, деп хабарлайды atr.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазіргі кезде облыста вакцинаның  7 мың дозасы бар. Қараша айының 15-не дейін 39 мың 900 дозасы жеткізіледі деп күтілуде. Қосымша иммундауға 30 мың дана вакцина тапсырыс берілді», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қызылша ауруының белең алуына байланысты балаларды қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталатынын айтты. Өйткені науқастанғандардың  65 проценті 5 жасқа дейінгі балалар.  Жалпы алғанда, бұл «ковид» жылдары туған балалар. Келесі аптада  елімізде 6-11 ай аралығындағы сәбилерді қосымша иммундау  басталады. Ал 2 жастан 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге желтоқсан айының басында вакцина егіледі.  Айта кетейік, Атырау облысында 2-5 жас аралығында  65 мың 896, ал 6-11 жас аралығында  93 мың 863 бала бар. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, облыста 862 адам қызылша ауруын жұқтырған. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button