Атыраудағы перинаталдық орталық қазан айында пайдалануға беріледі

997f967e e9f9 4948 847a 1d78dac980ad Медицина

Күрделі жөндеуден өтіп жатқан облыстық перинаталдық орталық қазан айында пайдалануға беріледі.  Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Telegram-каналында жазды. 

Ол  перинаталдық орталықтағы күрделі жөндеу жұмыстары барысымен танысты. 

«Қазіргі уақытта мұнда жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталып келеді. Ішкі жұмыстар жүріп жатыр. Дегенмен, тиянақтауды қажет ететін мәселелер де бар. Соның ішінде, ғимараттың сыртқы келбетінің түсі көзге жағымды ашық түске алмастырылады, басқа да нақты атқарылуы тиіс жұмыстар бар», – деп жазды Ж.Бисембиев.  

Облыс әкімінің орынбасары күрделі жөндеуді жүргізіп жатқан мердігер мекемеге жұмысты сапалы атқаруды және нысанды жоспарлаған уақыттан кешікпей қолданысқа беруді тапсырды.   

Н. Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз