Жарнама
Медицина

Атыраудағы перинаталдық орталық қазан айында пайдалануға беріледі

Күрделі жөндеуден өтіп жатқан облыстық перинаталдық орталық қазан айында пайдалануға беріледі.  Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Telegram-каналында жазды. 

Ол  перинаталдық орталықтағы күрделі жөндеу жұмыстары барысымен танысты. 

«Қазіргі уақытта мұнда жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталып келеді. Ішкі жұмыстар жүріп жатыр. Дегенмен, тиянақтауды қажет ететін мәселелер де бар. Соның ішінде, ғимараттың сыртқы келбетінің түсі көзге жағымды ашық түске алмастырылады, басқа да нақты атқарылуы тиіс жұмыстар бар», — деп жазды Ж.Бисембиев.  

Облыс әкімінің орынбасары күрделі жөндеуді жүргізіп жатқан мердігер мекемеге жұмысты сапалы атқаруды және нысанды жоспарлаған уақыттан кешікпей қолданысқа беруді тапсырды.   

Н. Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button