Атыраудағы облыстық перинаталдық орталығы бұрынғы ғимаратқа көшіп жатыр

33 Медицина

Атырау облыстық перинаталдық орталығы авангард мөлтек ауданында орналасқан ғимаратқа күрделі жөндеуден кейін біртіндеп көшіп бастады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда, жөндеуден өткен жап-жаңа ғимаратқа көшірілген пациенттер «ғимарат салқын», «ыссы су жоқ» деп әлеуметтік желілерге жазба қалдырған. Мәселенің мән-жайын білмек болып, орталықтың басшылығына хабарласқан едік. Орталықтың баспасөз қызметі төмендегі ақпаратты мәлімдеді.

«Атырау облыстық перинаталдық орталығы 30 қарашадан бастап, авангард мөлтек ауданында орналасқан Владмирский 22 “А” ғимартқа, күрделі жөндеуден кейін біртіндеп көшу жұмыстары басталған болатын.  Орталықта жылу жүйесі, ыссы, салқын су, электр жарығы толықтай іске қосылған. Барлық медициналық қызметкерлер штаттық режимде жұмыстарын атқаруда. Көшу кезіндегі кейбір түсініспеушіліктер мен жайсыздықтар қазіргі уақытта қалыпқа келтірілуде.  Орын алған уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуларыңыз сұралады», делінген жазбада. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз