Жарнама
Медицина

Атырауда қызылшаға қатысты жағдайды тұрақтандыру мәселесі қаралды

Бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен облыс бойынша қызылша инфекциясын эпидемиологиялық бақылау туралы штаб отырысы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиынның күн тәртібінде өңірдегі қызылша инфекциясының таралуы және оған қарсы жүріп жатқан іс-шаралар қаралды.

Штаб отырысында облыстық санитариялық эпидемиологиялық бақылау Департаментінің бас маманы Гүлдана Бисенбай баяндама жасады. Ол биыл қызылша инфекциясының алғашқы жағдайы наурыз айында тіркелгенін, содан бері қызылшамен 1 444 адам ауырғанын айтты.

— Қазіргі уақытта қызылшаның алдын алу жұмыстары — қарқынды. Айта кетсек, мақсатты топтағы балаларды жоспарлы профилактикалық екпемен қамту үшін облыстық СЭБ департаменті және облыстық Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облысы бойынша қызылшаға қарсы екпемен қамту жұмысын тексеру үшін мониторингтік топ (ревизия) құру туралы» 2023 жылғы 21-22 ақпанындағы №16/41 бірлескен бұйрығы негізінде облыс бойынша 30 жасқа дейінгі адамдардың қызылшаға қарсы екпемен қамтылуына ревизия жүргізілді. Ал профилактикалық екпелерден бас тартқан ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, — деді Г.Бисенбай.

Жасұлан Бисембиев жүйелі жұмвс жүргізбе отырған жауапты сала мамандарын сынға алып, қызылша ауруы таралып кетпеуі үшін жағдай жасауды қаперге берді. Бұл ретте жүргізілетін шараларды күшейту қажеттігін айтты.

— Қызылшаны жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарға 72 сағаттан кешіктірмей шұғыл екпе салуды уақытылы жүргізу қажет. Инфекциялық ауру өршіп кетпеу үшін аурудың алдын алып, дайындық мақсатында кереует қорының резервін құру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырамын. Сондай-ақ қызылшамен амбулаториялық деңгейде ем алып жатқан науқастарға мониторинг жасау үшін мобильді бригада құру қолға алынсын, — деді Ж.Бисембиев.

Жиынды қорытындылай келе облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға БАҚ беттерінде, қаладағы LED экрандарда аурудың қаупін көрсетіп, оған қарсы салынатын екпенің маңызын бейнелейтін ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button