Жарнама
Медицина

АТЫРАУДА «АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН 34 СӘБИ ӨМІРГЕ КЕЛГЕН

Атырау облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында соңғы екі жылда 34 сәби жарық дүние есігін ашты.  Бұл туралы бүгін Исатай ауданында өткен  көшпелі алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды AtyrauPress облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің Telegram-каналына сілтеме жасап. 

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында былтыр 213 жұпқа, биыл 233 жұпқа квота бөлінген. Соңғы екі жылда жасанды жолмен облыста 34 сәби өмірге келіп отыр. Бедеулік бойынша облыста 1345 отбасылық жұп есепте тұр. Сәби сүйе алмай жүрген отбасыларды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасады.

«Денсаулық сақтау басқармасы жұмысының жарты жылдық қорытындысын талқылау кезінде атқарылған жұмыстармен қатар, балалар өлімін азайту, жүкті әйелдердің және балалардың денсаулығын сақтау, босанғаннан кейінгі әйелдердің денсаулығын нығайту, отбасын жоспарлау, кадр саясатын жетілдіру бойынша проблемалық мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар берілді. Кадр тапшылығын жою, мамандардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады», — деп жазды Ж.Бисембиев.   

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button