Медицина
Атырауда 260-қа жуық кардиологиялық ота жасалды
Биыл облыстық кардио орталықта жасалған операциялар саны былтырмен салыстырғанда екі есе көп. Бұл туралы орталықтың кардиохирургі Асылбек Қонысов мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оның айтуынша, кардиоорталықта күніне орта есеппен 2 ота жасалады.
-Операциялық блок қажетті құралдармен толық қамтылған. Тіпті мұнда бұрын-соңды болмаған күрделі операцияларда жасалып жатыр. Алайда, оталарды күрделі жеңіл деп бөліп қарамаймыз. Себебі, жүрекке жасалатын әр операция барлық жағдайда тәуекелді қажет етеді, — деді А.Қонысов.
Айта кетейік, мұнда жүрек ауруынан бөлек, қан тамырлары хирургиясы бойынша 250 операция жасалған.