Жарнама
Медицина

Атырауда 100-ден астам бала қатерлі ісікке шалдыққан

Атырау облысында қатерлі ісікке шалдыққан 102 бала диспансерлік есепте тұр. Ең өкініштісі, дәрігерлер 1 айлық сәбиге жедел лейкоз диагнозын қойған. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасында балаларды қатерлі ісіктен қорғау күніне орай өткен ашық есік күнінде айтылды.

Іс-шара аясында облыстың штаттан тыс маман онкогематологы Гүлжан Ильясова және онкогематолог Айдос Дарханов 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдады. 15 бала дәрігерлік тексеруден өтіп, оларға қажетті медициналық кеңес беріліп, диагностикалық көмек көрсетілді.
Ата-аналарға аурухана басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ержан Жұмашұлы қажымас қайрат тілеп, балалардың сауығуына бірге күш салуға шақырды. Жас өскіндерге мерекелік көңіл-күйді қалыптастыру мақсатында тәтті тағамдар, бәліштер мен жеміс-жидектер ұсынылып, естелік сыйлықтар тарту етілді.
 
Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button