Жарнама
Медицина

Атырауда ​ 398 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған

Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес және алдын-алу орталығының директоры Қуаныш Нұрмұханов мәлімдеді.

«Оның 319-ы Қазақстан азаматтары, 79-ы шетелдіктер» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар​ қызметі.

«Соңғы он ай ішінде ВИЧ инфекциясын жұқтырған 34 жағдай тіркелді. Өкінішке орай, бұл вирус бірден байқалмайды. Вирус иммундық жасушаларды біртіндеп зақымдайды.

Вирусты анықтау үшін, Атырауда қалалық және аудандық емханаларда және арнайы орталықта ​ зертханалық тексеруге қан алынады. Ауру жұқтыруым ықтимал деп күдіктенген кез келген адам дәрігердің кеңесін алып, тегін тексеріле алады» деп нақтылады Атырау облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес және алдын-алу орталығының директоры Қуаныш Нұрмұханов онлайн брифингте.

Статистикалық деректерге сүйенсек, әлемде әр 10 секунд сайын 1 адам ВИЧ (АИТВ) инфекциясын жұқтырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button