Жарнама
Медицина

Атырау облысында жыл басталғалы 17 адам АИТВ жұқтырған

Атырау облысында биыл АИТВ инфекциясын жұқтырған  17 адам анықталды, 2022  жылы 4 айда – 25 адам тіркелген болатын.

«Облыстық ЖИТС орталығында АИТВ инфекциясын жұқтырған  328  адам диспансерлік есепте тұр. Облыста алғаш  АИТВ анықталған 1993 жылдан  бастап 13 адам  ЖИТС-тен көз жұмған.ХХ ғасырда АИТВ инфекциясы емделмеген жағдайда ЖИТС сатысына ұласып,  дүние жүзінде  көптеген  жандарға қасірет әкелсе, қазіргі таңда заманауи дәрі-дәрмектердің арқасында уақытында анықталып, үздіксіз ем алған  адамдардың сапалы ұзақ өмірін сақтап қалуға толық мүмкіндік бар», — деп хабарлады ЖИТС пен күрес және алдын алу  орталығының баспасөз қызметі.

Атырау облысы бойынша АИТВ инфекциясына тексерілу тегін, ол үшін облыстық ЖИТС орталығына немесе жергілікті емханаға барып қан тапсыру (анонимді түрде де болады) қажет.

ЖИТС орталығының сенім телефоны: 21-11-03.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button