Жарнама
Медицина

Атырау облысында қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүргізілуде

    Атырау облысында 2 наурыз — 3 қаңтар аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 6634  жағдай тіркелді. Оның 1945-інде  қызылша зертханалық жолмен дәлелденді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Науқастардың басым көпшілігі – Атырау қаласынан тіркелген. Қызылшамен ауырғандардың 1594-і, яғни  81,5 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Жас ерекшеліктері бойынша тоқталсақ, 14 жасқа дейінгі балалар –1594, ересектер – 351, 1 жасқа дейінгі балалар – 242, 1-4 жас аралығында – 849, 5-9 жас аралығында – 348,10-14 жас аралығы – 155, 15-19 жас аралығы – 64, 20-29 жас аралығы – 99, 30 жастан жоғары 188 адам қызылша жұқтырған.

Өңірде қызылша ауруының жағдайын тұрақтандыру мәселесі бойынша эпидемиологиялық бақылау туралы штаб құрылған болатын.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мліметінше, қазіргі уақытта қызылшаның алдын алу жұмыстары – қарқынды жүргізілуде. Мақсатты топтағы балаларды жоспарлы профилактикалық екпемен қамту және 30 жасқа дейінгі адамдардың қызылшаға қарсы екпе алуына ревизия жүргізілді. Ал профилактикалық екпелерден бас тартқан ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Облыста науқастармен қарым-қатынаста болған 7225 адамға медициналық бақылау жасалынған. Атап айтқанда, ұшақ бойынша 54 адамға, 2270 оқушы, 112 мұғалім, 1384 тәрбиеленуші мен 3570 үй ошағы бойынша бақылау орнатылды. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 434 адамға қызылшаға қарсы вакцинациялау жүргізілді. Сондай-ақ, мектепке дейінгі балалар мекемелерінен анықталған кемшіліктер бойынша Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Атырау облысында вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы» 29.03.2023 жылы №1 қаулысымен сәйкестоптағы балалардың жалпы санының кемінде 90% деңгейінде қамтамасыз ету тапсырылды», делінген хабарламада.

Сурет: Pixabay.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button