Атырау облысында қызылша ауруының 3012 жағдайы тіркелді
Атырау облысында өткен жылдың 2 наурызы мен биылғы 29 қаңтар аралығында қызылша ауруының 3012 жағдайы зертханалық жолмен дәлелденген, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің хабарлауынша, алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 8589 жағдай тіркелді (Атырау қаласында – 7623 жағдай, Жылыой ауданында – 216 жағдай, Индер ауданында-69 жағдай,Исатай ауданында -146 жағдай, Қызылқоға ауданында-118 жағдай, Құрманғазы ауданында- 165 жағдай, Мақат ауданында – 111жағдай, Махамбет ауданында – 141 жағдай).
Олардың 3012 жағдайда қызылша зертханалық жолмен дәлелденді (басқа ел мен облыстан әкелінгені – 8: Түркия-3, Тәжікстан-2, Біріккен Араб Әмірлігінен – 1, Алматы қ.-1, Астана қ.-1, Туркистан-1,Ақтөбе-6; жергілікті — 2989);
4009 жағдайда зертханалық тексеру қорытындысы теріс нәтиже берді;
1568 жағдайда зерттеу қорытындысы жұмыс барысында.
Зертханалық жолмен дәлелденген 3012 жағдайлар бойынша:
Аймақтық бөлінісінде: Атырау қаласында-2545 жағдай, Жылыой ауданында- 123 жағдай, Индер ауданында-37 жағдай, Исатай ауданында- 65 жағдай, Құрманғазы ауданында- 62 жағдай, Қызылқоға ауданында-48 жағдай, Мақат ауданында-76, Махамбет ауданында-56жағдай.
“Қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – бұл вакцинопрофилактика.
Облыста балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүргізіледі. Вакцина Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз. Вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Вакцинация ақысыз түрде, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде жүргізіледі”- делінген хабарламада.