Атырау облысында қызылша ауруының 1865 жағдайы тіркелді
Облыста 2 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 6 мың 521 жағдай тіркелді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Атырау қаласында – 5798 жағдай, Жылыой ауданында – 163, Исатай ауданында -98, Құрманғазы ауданында- 133, Махамбет ауданында – 116, Қызылқоға ауданында-80, Индер ауданында- 43 және Мақат ауданында – 90 жағдай тіркелді. Бұлардың ішінде 1865 жағдайда қызылша зертханалық жолмен дәлелденген.
Қызылша ауруы — ауа тамшы жолымен таралатын вирус болғандықтан жұғу қауіпі жоғары. Науқас адам жөтелгелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде бөлінетін сілекей арқылы таралады.
Аурудың негізгі белгілері — дене қызуының 38-40°С дейін жоғарылауы, құрғақ жөтел, мұрын бітуі, түшкіру, бастың ауырсынуы, қабақтың ісінуі және конъюктивит, жұтқыншақтын ісінуі, денеде бөртпелердің пайда болуы (бөртпелер кезектесіп шығады және бірігіп кетуге биім болады).
Көбіне қызылша ауруынан көз жұмудың себебі аурудың асқынуымен байланысты болады. Ең қауіпті асқынуларға көздің көрмей қалуы, энцефалит (мидың ісінуңне әкелетін инфекция), пневмония сияқты тыныс алу жолдарының инфекцияларын туындатуы мүмкін.
Қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – бұл вакцинопрофилактика.
Қазіргі уақытта облыста балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүргізіледі.
Вакцина Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз.
Вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Вакцинация ақысыз түрде, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде жүргізіледі.