Атырау облысында қызылша ауруына шалдыққандардың басым бөлігі ауруға қарсы екпе салдырмаған

547 1 Медицина

Қазір қызылша жұқтырғандарға арналған бөлімде 74 науқас ем алып жатыр, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызылша жұқтырғандардың 67-сі бала, 21 -бір жасқа дейінгі, 46 – 1-14 жасқа дейінгі балалар, екі жүкті әйел және бес ересек.

«Науқастардың ішінде: емделген пациенттердің 17,8% – вакцинация жасына жетпеген, 3,4% – вакцина мәртебесі  белгісіз, 18,8% – екпе алған және 60% – екпе алмаған.

Биыл 2 наурыз-19 қазан аралығында Атырау облысында қызылшамен ауырған 724 жағдай тіркелсе, оның ішінде ауыр халдегі тоғыз науқас жансақтау бөлімінде емделді. Бүгінгі таңда жансақтау бөлімінде қызылшамен ауырып жатқандар жоқ.Қызылша инфекциясы бойынша медициналық көмекке жүгінгендердің арасында өлім жағдайы тіркелмеген», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қызылшаға қарсы екпені тұрғылықты жері бойынша емханадан алуға болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз