Атырау облысында бір тәулікте 397 адам Covid-19 жұқтырған
Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 397 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 265 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 44 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 34 науқас, Индер ауданында — 9, Исатайда- 10, Қызылқоға ауданында — 11, Құрманғазы ауданында — 10, Мақат ауданында — 7, Махамбет ауданында — 7 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 239 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 158 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 257 адам емделді.
Қазір 5292 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 198, екінші облыстық ауруханада – 194 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта — 75, кардиоорталықта — 109, т/ж ауруханасында — 113 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда — 409, облыстық ауруханада — 76, жатақханада — 109, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 417 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.