Жарнама
Медицина

Атырау облыстық балалар ауруханасына 115 көпфункционалды кереует сатып алынды

Атырау облыстық балалар ауруханасы ELEGANZA моделінен көпфункцияналды 15 дана, LISA моделінен 100 дана кереуетпен қамтылды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Электрлік реттелетін арнайы төсек науқасты стационарлық емдеу мекемелерінде жоғары жайлылық жағдайында орналастыруға арналған. Интуитивті таңбалары бар кереуетті басқару блогы барлық мүмкіндіктерге жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Осылайша мейірбике қызметкерлерінің пациентке күнделікті күтім жасауын жеңілдетеді.

Аталған төсек-орын жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа медициналық бұйымдарды сатып алу порталында жарияланған тендер бойынша ұтқан мекемемен сатып алу келісім-шарты негізінде алынған. 115 кереуеттің жалпы құны 127 млн теңге тұрады.

Төсек жеңіл және ыңғайлы, сонымен қатар максималды жайлылықты қамтамасыз етеді. Жүз төсек-орын бөлімдерге бөлінсе, жаңа әмбебап кереуеттердің 15 данасы жансақтау бөліміне орналастырылған.

Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасы 170 орынға арналған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button