
Медицина
Астанадан медициналық пойыз жолға шықты
Елдегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Астанадан медициналық пойыз жолға шығуда.

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, дәрігерлер бригадасы бар медициналық пойыз 147 шалғай ауыл тұрғындарына тегін амбулаториялық көмек көрсетеді. Ақ халаттылар мінген пойыз бірінші кезекте су тасқынынан зардап шеккен батыс аймақтарға барады.
