Жарнама
Медицина

Анталияда жол апатынан ауруханаға түскен атыраулықтардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында

Шілденің 30-ы күні таңертең Түркияның Алания ауданының Анталия провинциясында Қазақстан туристері мінген автобусқа жүк көлігі қатты жылдамдықпен соғып, жол апатын жасаған. Автобуста атыраулық туристер болған.
Микроавтобус жүргізушісі мен алдыңғы орында отырған украин гиді сол жерде қаза болып, 12 адам жараланған. Жараланғандардың ішінде төртеуі атыраулық. Үшеуі Алания мемлекеттік ауруханасында, ал бір науқас Сиде Анатолия ауруханасында ем алуда. 

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев telegram каналында жазба қалдырды.

“Бүгінде бір науқас жансақтау бөлімінде, ал үш науқастың жағдайы орташа ауырлықта, дәрігерлердің бақылауында тиісті емін алуда. Қазіргі таңда облыстық әкімдік пен денсаулық сақтау басқармасы аталған аурухана дәрігерлерімен тығыз байланыста”,- деп жазды Жасұлан Бисембиев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button