Жарнама
Медицина

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау облысы бойынша филиалына 28 млрд теңге аударылды

2020 жылдың 9 айында міндетті әлеуметік медициналық сақтандыруға (МӘМС) шамамен 399 млрд теңге аударылды. Экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекеттен транш, ал бұл 11 млн адам, 222 млрд теңгені құрады. 115 млрд астам теңгені жұмыс берушілер, 49,5 млрд теңгені – жалдамалы жұмысшылар, 7 млрд теңгені – жеке кәсіпкерлер, 2,5 млрд теңгені – БЖТ төлеушілер, 1,5 млрд теңгені — азаматтық – құқықтық сипаттағы шарт бойынша еңбек ететін жеке тұлғалар, 1 млрд теңгені — өз-өзіне төлем жасаушылар жіберді.

Жоғарыда аталған мерзім ішінде медицналық сақтандыру қорына Атырау облысы бойынша түскен жарнаның жалпы сомасы 28 млрд теңгені құрап отыр. Оның 23,6 млрд теңгесі (96,4%) жұмыс берушілер аударымдары болса, қалған 4,3 млрд теңгесі (2,8%) жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.

МӘМС үшін жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі арнайы шотқа түсетінін атап өткен жөн. Бұл қаражат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізуші — медициналық ұйымдары көрсеткен МӘМС пакетінің медициналық қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалады.

Қазіргі уақытта Атырау облысында медициналық сақтандырумен  568 395 адам қамтылды.

Қаңтардан қыркүйекке дейін аралықта Қордың Атырау облысы бойынша филиалы МӘМС пакетінің медициналық көмегін қаржыландыруға 5 274,7 млрд теңге жіберді. Шығындардың басым бөлігі – 2 179, 9 млрд теңге — стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті қамтамасыз етумен байланысты.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау облысы бойынша филиалы 137,9 млн теңгеден астам соманы қаңтардан қыркүйекке дейін жоғары технологиялық медициналық қызметтерді төлеуге бағыттады.

Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту үшін 193,5 млн теңге төленді. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта азаматтардың коронавирус пен коронавирустық инфекциямен аурығаннан кейін оңалтудан өту мүмкіндігі бар.

Есептік кезеңде консультациялық-диагностикалық қызметтерге Атырау филиалы 2 138,9 млрд теңге бағыттады. Тұрғындар арасында жүргізілген скринингтер үшін 2 млрд теңгеден астам төлем жасалды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттердің құқықтарын қорғау – Қордың жұмысындағы басымдық екенін еске салады. Егер пациент медициналық көмек көрсетуден бас тартуға тап болса немесе ол тиісті түрде көрсетілмесе, онда кері байланыс арналары – 1406 нөмірі бойынша байланыс орталығы, Qoldau 24\7 мобильді қосымшасы немесе SaqtandyruBot Telegram-боты арқылы ӘМСҚ-на жүгінуі қажет. Қордың мамандары мен сарапшылары Жедел әрекет етіп, қажетті көмек көрсетеді», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры С.Құралбек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button