АЛДЫН АЛҒАН АУЫРМАЙДЫ
Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасы, тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті, Атырау темір жол дезинфекциясы, темір жол ауруханасы, төтенше жағдайлар департаменті, жұқпалы аурулар ауруханасы, обаға қарсы күрес стансасы, желілік ішкі істер бөлімінің мамандары мен қызметкерлері қатысты.
Алдын ала жоспарлағандай, №314 «Маңғышлақ-Атырау» жолаушылар пойызының №5 вагонының жолсерігінен жолаушы Д.Сапаров медициналық көмек сұраған. Құлсары стансасынан өткеннен кейін аурудың жағдайы күрт өзгеріп, нашарлаған. Дененің қатты қалтырауы, қызуы 38-40 градусқа жеткен. Науқастан сұралған кезде оның Шетпе стансасында болған кезінде түйе малын союға қатысқаны белгілі болды.
Пойыз Атырау вокзалына келіп тоқтағаннан кейін сол жерде науқасқа медициналық тексеру жүргізген кезде оған «Обаның бубон түрі» диагнозы қойылып, жедел ауруханаға жеткізілді. Кейін медициналық қызметтің екінші легі пойыздағы басқа жолаушыларды оқшаулап, дене қызулары тексерілді. Жолаушылардың есімдері нақтыланып, жұқпалы аурудың бар-жоғына көз жеткізілді. Іле-шала пойыздың вагоны ауруға қарсы дәрілермен залалсыздандырылды.