Жарнама
Медицина

Медициналық сақтандыру қоры мен Ұлттық денсаулық сақтау палатасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) Басқарма төрағасы Болат Төкежанов пен Ұлттық денсаулық сақтау палатасының басшысы Ербол Бекмұхамбетов ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. 

Медициналық сақтандыру қоры Ұлттық денсаулық сақтау палатасымен бірлесіп, әкімшілік кедергілерді азайтуға, медицина қызметкерлері мен пациенттердің құқығын қорғау тетігін жетілдіру, жалпы медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында денсаулық сақтауды одан әрі дамыту, медициналық бизнес-қоғамдастықты қолдауға және қолайлы жағдай жасауға ниетті. Палата қызметінің негізгі мақсаты — денсаулық сақтау мен отандық бизнестің өзекті мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, денсаулық сақтау мен кәсіпкерліктің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге, үйлестіруге және іске асыруға жәрдемдесу, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру бойынша жұмыс жүргізу.

«Тараптар денсаулық сақтау органдарымен, үкіметтік құрылымдармен және іскерлік топтармен тиімді өзара іс-қимыл жасау, Үкіметпен, денсаулық сақтау органдарымен, қазақстандық және халықаралық, ғылыми және кәсіби ұйымдармен денсаулық сақтау мәселелері бойынша ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы уағдаласты» — деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек. 

2021 жылға жүргізілген медициналық қызметтерді сатып алу қорытындылары бойынша Атырау облысы бойынша 62 медициналық ұйым медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі болды, оның  33-і мемлекеттік (51%), 29-ы — жеке меншік кәсіпорындар (49%).

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 8/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Бірыңғай орталық  – 1406

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button