Жарнама
Медицина

28 шілде – Бүкіләлемдік гепатитке қарсы күрес күні

Жыл сайын 28 шілдеде дүниежүзінде гепатитке қарсы күрес күні атап өтіледі. Дәл осы күні В гепатиті вирусын ашқан америкалық дәрігер, Нобель сыйлығының лауреаты Барух Самюэль Блумберг дүниеге келген. Дәл осы күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы әлем елдеріндегі дәрігерлерді вирусты гепатит жайында халыққа ақпарат беретін танымдық акциялар өткізуге шақырады.  

«Вирусты гепатиттер – жиі таралған және қауіпті жұқпалы аурулар. Гепатит вирустарының A, B, C, D және E деген бес түрі бар. Олар ағзаға еніп, бауырды зақымдайды. Бұл жағдайда бауырдың атқаратын қызметі – барлық зат алмасу түрлері бұзылады. Бауырдың улы заттарды залалсыздандыру қабілеті жойылады, витамин алмасу процесі бұзылады» — деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Газизов.

Бауыр циррозынсыз созылмалы «В», «С», және «Д» вирустық гепатиті диагнозы қойылса, не білуіңіз керек?

Егер сіз Д-есепте тұрсаңыз, осы аурулар кезінде медициналық көмек тегін және толық көлемде — тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.

Динамикалық бақылау туралы не білуіңіз керек?

Орта медицина қызметкері тексеруді 3 айда 1 рет жүргізеді

БМСК дәрігерінің қарауы — 6 айда 1 рет болады

Қандай бақылау зерттеулерінен өту керек?

  • тромбоциттермен қанның жалпы талдауы — 6 айда 1 рет
  • қанның биохимиялық талдаулары: аланинаминотрансфераза( АЛТ), аспартатаминотрансфераза( АСТ), фракциялар бойынша жалпы билирубин, креатинин, Альфа-фетопротеин (АФП) — 6 айда 1 рет
  • коагулограмма: халықаралық нормаланған қатынас (ХНҚ) —

6 айда 1 рет

  • «В» вирустық гепатитіне (HBV-ДНҚ) полимеразды-тізбекті реакция сапалы, оң нәтиже кезінде «В» вирустық гепатитіне (HBV-ДНҚ) ПТР жүргізу сандық — 6 айда 1 рет
  • Бауыр УДЗ-жылына 1 рет
  • бауырдың жанама импульсті эластометриясы (Фиброскан) — 2 жылда 1 рет
  • «B», «С» (F2 фиброз сатысында) және «D» созылмалы вирустық гепатиті кезінде пациенттер өмір бойы диспансерлік есепте тұрады.
  • Созылмалы » С » вирустық гепатитінде (фиброз сатысында F1-ден кем) пациенттер элиминация, яғни ауру толық жойылған жағдайда ғана есептен шығарылуы мүмкін.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button