Медицина
«103» қызметкерлері науқасты өлімнен арашалап қалды
Атырау облыстық жедел жәрдем медициналық станциясының №20 бригадасы науқастың өмірін сақтап қалды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1952 жылы туған әйел адам «жедел жәрдем» шақыртқан сәтте асқазан тұсының қатты күйдіріп ауыруына шағымданған.
Кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, клиникалық өлімге алып келген. Алайда жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсіби әрі жылдам әрекеттерінің арқасында жүрек-өкпе реанимациясы дер кезінде жүргізіліп, алгоритмге сай көмек көрсетілді.
Фельдшерлердің үйлесімді жұмысы мен шұғыл шараларының нәтижесінде пациенттің жүрек соғысы қалпына келтірілді. Қазір оның жағдайы тұрақты.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ