Жарнама
МәдениетБЕЙНЕЖАЗБА

Жылыой ауданының Құрметті азаматы Нұрдәулет Ақназаров – 80 жаста! (+ВИДЕО)

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мүзейінде есімізге өңірімізге танымал өлкетанушы, мәдениет саласының ардагері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Нұрдәулет Ақназаровтың  80 жасқа толуына орай «Өнегемен өрілген өмір» тақырыбында кездесу кеші өтті.

            Гурьев педагогоикалық институтын (бүгінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) және Алматы жоғары партия мектебін бітірген бітірген оның мамандығы филолог, тарихшы, журналист. 1965-1981 жылдары – Жылыой аудандық «Кеі Жылыой» газеті редакциясында бөлім меңгерушіс, редактордың орынбасары, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы (жастар ұйымының жетекшісі), аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, аға инспектор, басшы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры. 1981-1985 жылдар аралығында облыстық тарихи-өлкетану музейіне басшылық етті. Кейінгі еңбек жолы туған жері – Жылыой ауданында жалғасты. Қай сала, қандай қызметте жүрсе де өзін үлгілі қырынан танытып, жүктелген міндетті абыройлы атқарған Нұрдәулет ағаның өмір жолы шынымен де өнегеге толы.

 Тағылымды шараның шымылдығы мерейгердің өмір жолынан сыр шертетін деректі фильмді тамашалаумен ашылды. Сексен жастың сеңгіріне көтеріліп отырған Нұрдәулет Ақназарұлының атына айтылар алғашқы ақжарма тілекті облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов арнады. Оның өрнекті өмір жолына тоқтала келе, мерейлі жас иесіне «Атырау облысының ардақты ардагері» төс белгісін табыстады. Екінші болып құттықтау сөз кезегін еншілеген Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының төрағасы Қойшығұл Жылқышиев мерейгердің азаматтық қырлары мен адами болмысын айшықтап берді.

Ал, осыдан соң мәдениет саласының ардагерін мерейлі жасымен құттықтаған «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Гүлнәр Шайхашева оның кеудесіне «Еңбек даңқы» төсбелгісін тақты. Ұлығылау шарасына арнайылап келген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Рашида Харипова әріптес ағасының өңіріміздің, қалаберді еліміздің өлкетану саласына қосқан өлшеусіз үлесін, сіңірген еңбегін саралады.

Мұнан кейін Жылыой аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Жанар Қазиева сексендегі елінің қадірлісі, қазыналы қарты, абыз ақсақалына жерлестерінің сәлемін жеткізсе, оның жылы лебізді сөзін облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Ләззат Жылқышиева жалғады. Өз кезегінде Қазастан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Төлеген Жаңабай да замандас қаламдасын құттықтай отырып, естелік ретінде соңғы шыққан екі кітабын сыйға тартты.

Шынайы көңілден шыққан әсерлі әңгімемен өрілген әсем кешті Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония өнерпаздары одан әрі жалғады.

Дәулетқали АРУЕВ

ВИДЕО:

https://www.facebook.com/atyrau.museum/videos/731458524582334/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button