«ЖАЗ БОЯУЛАРЫ» ШАҚЫРАДЫ!

Атырау қаласының оқушылар орталығы өнерпаздары бүлдіршіндер үшін «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік бағдарлама ұсынды. Қаладағы Махамбет–Исатай алаңында өткен мерекелік шараны қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек Рысқалиев ашты.

 

Орталықтағы  үйірмеге қатысатын шәкірттер ән айтып, би билеп, домбырашылар ансамблі күмбірлеген күй тартса, мәнерлеп оқу шеберлері көркем сөздерін арнап, екі сағат бойы мерекені әрлеп, балалардың көңілдерін көтерді. Алаңдағы тас жолға  бүлдіршіндер «Балалар қиялында» тақырыбында суреттер салып, сайысқа түсті.

Атырау қаласының оқушылар орталығы жазғы уақытта «Жаз бояулары» бағдарламасы бойынша жоспарлы түрде жұмыс жасайды. Жазғы демалыс уақытында ақысыз түрде барлық  қала оқушыларын әр түрлі үйірмелерге қатысуға шақырады.

Гүлзада РАХМЕТҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз