Жарнама
Мәдениет

Жақсылықтың жаршысы болған мереке

Ұлық мереке Наурызды қала маңындағы Құрманғазы ауылының тұрғындары да тамаша көңіл-күймен қарсы алды. Ауылдық мәдениет үйінің алаңында Наурыз тойын тойлауға келген жұртшылықтың қарасы қалың болды.

Мәдени шараның шымылдығын түрген ел ағасы Аманбай Садықов барша халыққа ақжарма тілегін арнады.

-Ұлағаты мол осы дәстүрлі мереке әр шаңыраққа ырыс пен құт әкелсін! Ел игілігі үшін еңбек еткен құрманғазылықтардың қазаны дәмге, қамбасы дәнге толып, ел-жұрт бейбіт де баянды ғұмыр кешсін, — деп, ауыл ақсақалы ақ батасын жолдады.

Мұнан соң Құрманғазы ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Гүлнар Сабирова асыға жеткен мерейлі мерекемен жұртшылықты құттықтап, әр шаңыраққа құт-береке, ынтымақ пен бірлік тіледі.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, ауыл халқы ұлттық ойындарды тамашалады. Ал, сайыстарда бақтарын сынаған белсенділердің қанжығасы майланып, олжалы болды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button