Ұлттық дәстүр ұлықталды

mudrostь starosti2 Мәдениет

БИЫЛ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНА 35 ЖЫЛ ТОЛДЫ. СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АТЫРАУДА «АТА-БАБА АМАНАТЫ» ДЕГЕН АТАУМЕН АТА-ӘЖЕЛЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ. ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИӘДІСТЕМЕЛІК ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ МЕН МӘДЕНИ ДЕМАЛЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН САЙЫСҚА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАСҰЛАН БИСЕМБИЕВ ПЕН ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МҰРАТ ӨТЕШОВ ҚАТЫСТЫ.

– Облыстық ардагерлер кеңесі жұмысының негізгі бағыттары – ардагерлер ұйымдарының қызметін жандандыру, ардагерлерге қамқорлық жасау, туындаған мәселелерді шешуге көмектесу, қарттардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Атқарған әр жұмысымыздың нақты нәтижесі бар. Өңірде облыс әкімінің қолдауымен көптеген игі істер атқарылуда. Бұл ардагерлерге деген құрметтің белгісі . Осы мерей той қарсаңында бірқатар ардагер «Ардақты ардагер» атағына және «Ардақты ана» медаліне ие болды, – деген Мұрат Сақтайұлы байқауға қатысушыларды өмір тәжірибесінен алған тәлімтәрбиелерін шын көңілмен көрсетуге шақырды.

Сонымен, ұлттық құндылықтарды насихаттаған дүбірлі дода төрт кезең бойынша өрбіді. Алғашқы кезең де қариялар өздерін таныстырды. Одан соң, «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат!» деп көрініс көрсетсе, үшінші кезеңде өнерлерін ортаға салды. Ал, соңғы сында «Қолөнер – сырлы өнер» деп салт-дәстүрімізді айшықтайтын ат әбзелдері мен көнеден қалған құнды дүниелерін көрермен назарына ұсынды. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген ұғыммен қолөнер бұйымдарының жасалу тәсілдерін түсіндірді. Сайыс тартысты өтіп, әділқазылар алқасы жүзден жүйріктерді анықтады. Сайысқан барлық ата-әже көрермен қошеметіне бөленсе , ал жеңімпаздарға арнайы ақшалай сертификат табысталды. Байқау нәтижесі бойынша аталар арасынан I орынды Махамбет ауданынан келген Ұзақбай Тілеген, II орынды  Қызылқоға ауданынан Иғали Ізтұрғанов, Махамбет ауданынан Амангелді Есенғалиев, III орынды Исатай ауданынан Мұрат Шахуов, Құрманғазы ауданынан Әзірбай Ескендіров, Жылыой ауданынан Наурызбай Төлеуов иемденді.

mudrostь starosti
mudrostь starosti3

Ал, әжелер арасынан I орынды Қызылқоға ауданынан Биғайша Ағашина, II орынды Атырау қалМашанова, Исатай ауданынан Батима Рахметова, Махамбет ауданынан Клара Көптілеуова иемденді. Сондай-ақ, Атырау қаласынан қатысқан зейнеткерлер Базарбай Айтқалиев пен Ағраш Сүйесінова байқаудың арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз