ТІЛЕК СУРЕТШІНІҢ БИІК ТҰҒЫРЫ
Атырау – әйгілі Мұхит пен Лиза Калимовалар, Әділқайыр Жантасов, Рафаэль Слекенов және тағы да басқа көптеген суретшілерді дүниеге әкелген орта. Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясының оқытушысы Тілек те табиғи дарыны мен ерен еңбегінің арқасында өнер биігіне көтерілді. Қылқаламымен қоса, ақындық өнерін де танытып үлгерген автордың төрт кітабы жарық көрген.
Әбілхан Қастеев атындағы бейнелеу өнері мектебінің директоры Ханзада Есенқызы қуаныш иесін арнайы келіп құттықтады.
— Одаққа кез келген адам мүше бола бермейді. Оған, тіпті, белгілі өнер ұжымын басқарып отырған мен де мүше емеспін. Өйткені, арнайы бекітілген ережеге сай, суретшінің кәсіби білігі қатаң ескеріледі. Мұрағаттарда сақталған талай белгілі тұлғалардың Тілек Халинді Суретшілер Одағына ұсыну жөнінде жолдаған құжаттары сақталған, біз соны негізге алдық, — деді ол.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.
Суретті түсірген автор.