Мәдениет
ТАРИХИ-МӘДЕНИ НЫСАНДАР — МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА
Мәжіліс депутаты екінші күнгі жұмыс сапарын Махамбет ауданы Сарайшық ауылында жалғастырды.
Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі — Сарайшық ауылындағы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына барған Айбек Паяев аймақтың құнды тарихымен танысты.
«Алдағы уақытта тарихи-мәдени маңызды нысандар қатарын арттырып, олардың материалдық базасын нығайтуға мемлекет тарапынан зор көңіл бөлініп, қолдау көрсетілетін болады»деп атап өтті ол.