Жарнама
Мәдениет

Сырлы әлемнің иесі

Бейнелеу әлемінде өзіндік орны бар Назерке Ищанованың есімі шығармашыл ортаға жақсы таныс. Болмысы нәзік болғанымен сөзі мен ісіндегі ұстамдылық, жұрт көзіне түсуге ұмтылмайтын біртоға мінезі оны өзгелерден ерекшелеп тұрады. Өзінің айтуынша, мектеп кезінде суретшілікпен танылмаса да бойындағы сурет өнеріне деген сүйіспеншілігі ерекше болған.

– Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алуды, дизайнер болуды оқушы кезімнен армандайтынмын. Орта мектепті бітірген соң, бас қалаға барып, аталған оқу орнына құжат тапсырдым. Университетте оқып жүргенде ұстаздарымның дəрісіне ден қойып, бар ынтаммен болашақ мамандығымды игеруге күш салдым. Күні-түні сызып, сурет салатынмын, жержерде суреттерім шашылып жататын… Менің дизайн саласына қадамым осылай басталған еді. Кəсіби қызметімдегі алғашқы жетістігім – Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі болу үлкен жауапкершілік. Тəжірибелі мамандардың маған білдірген сеніміне лайық болу алдағы басты мақсатымның бірі. Менің шығармашылығыма əркез қолдау білдіріп, қанаттандырып, талаптандырып отыратын барша тілеулес жандарға бек рақмет, — дейді Назерке.

Бүгінгі таңда «Атырау-Ақпарат» ЖШС-де дизайнер болып еңбек ететін Назерке Болатқызының иллюстрация жанрын жандандырып жүргеніне екі жылдың көлемі болған. Бойындағы ерекше қабілетімен қоса, қазақтың ақыны, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың өршіл өлеңдерін жастанып жатып оқитын ол сүйікті ақынының келбетін компьютерлік графиканың Digital Art стилімен компьютер бетіне салып, əлеуметтік желілерде бөлісіп отырады. Оған ұлт болашағы үшін еңбек еткен алаштықтармен қатар, қазақ елінің тəуелсіздігі мен болашағы үшін өлшеусіз үлес қосқан қайраткерлердің келбетін келістіріп салу туралы ұсыныстар түсе бастаған.

Дизайнер, қазақтың бес арысының суретін салып, Алаш қайраткерлерінің еңбектерін «Алтын таланттар уақыты» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Онлайн форматта ұйымдастырылған байқауға əлемнің 39 елінен 200-ге жуық үміткер қатысқан. Сондай-ақ, III халықаралық көпжанрлы «Сиқырлы қыс» байқауынан «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша гранпри иегері атанды. Ол осылайша өзінің əр жетістігінің нəтижесінде аудиториясын кеңейтіп келе жатыр. Бұрын-соңды іріліұсақты байқауларға қатысып көрмеген кейіпкеріміз жеңісті қадамдарынан кейін ынтасының да артқанын айтады. Оның сурет қоржынында портретпен қатар, экология, махаббат секілді сан түрлі тақырыптарда 80-нен астам туынды бар. қолынан келгенше ұлықтап жүр. Оның еңбектерін көріп, қызығушылық танытқан адамдар да табылды. Солардың қатарында «Қыр баласы» қоғамдық қоры, дизайнерге бірге жұмыс істеуге ұсыныс жасапты. Алаш зиялыларының тарих түбінде қалып кеткен еңбектерін қайта жаңғыртып, тəуелсіз елдің ұрпақтарына таныстыру бағытында үлкен іс тындырып жүрген ортаға Назерке де сүбелі үлес қосуда. Биыл дизайнердің қолынан шыққан туындылары екі халықаралық байқауда үздік деп танылып, өзінің шеберлігін тағы көрсетті. Оның компьютерлік графика үлгісінде салған «Мұнар күн» картинасы Лондон қаласында өткен.

1c2b9515 d165 44d3 bf25 35a0e1c7a5c9

Кейіпкеріміз сəуір айында Испания елінде өтетін бейнелеу жəне сəндікқолданбалы өнер, дизайн жəне фотосуреттердің халықаралық онлайн байқауына қатысуға ниетті. Байқаудың ерекшелігі, балаларға арналған шығарманың желісі бойынша бұрын еш жерде қолданбаған иллюстрация болуы қажет. Бұл байқаудан жеңімпаз атанған қатысушы əр аталым бойынша «Самокат» баспасында кітабын шығару мүмкіндігіне ие болады. Ал, гран-при иегері Италия елінің Болонья қаласында өтетін балалар кітап əдебиетінің əлемдік басты көрмесіне жолдама алады.

– Атыраудан балалар шығармашылығында жазатын адам іздеп көрдім. Байқауға этностиль тақырыбында жазылған шығарманы ұсынғым келген. «Қыр баласы» ҚҚ-ның мүшесі, қаламгер Əлібек Байболдың баспаға берілмеген кітабының ішінен əңгімелерін қарап қойдым. Байқау ұйымдастырушылары иллюстрацияны ертегі желісіне сай болғанын талап етеді, — деді кейіпкеріміз.

Өмір өрнектерін қылқаламмен шебер бейнелеп жүрген əріптесімізге сырлы əлемнің сырларын ашар шабытты сəттер тілейміз.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button