Жарнама
Мәдениет

Сарайшықта Қасым ханның ескерткіші бой көтереді

Атыраудағы Сарайшық ауылының маңында Қасым ханға монументалды ескерткіш орнату жоспарлануда. Бұл жайында Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Сарайшық ауылынан Қасым ханның ескерткішін орнату үшін жобаларға республикалық ашық конкурс жарияланды. Келіп түскен жобалар Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияда қаралып, үздік туынды анықталады. Ескерткіштің қаржысы әлі нақтыланбады. Оны келер жылы Ұлттық құрылтайға дейін аяқтау көзделіп отыр», — деді Әбіл Жоламанов.

Нұргүл Насыр

.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button