
Мәдениет
Сарайшықта археологиялық қазба жұмыстары басталды
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Ортағасырлық Сарайшық қаласында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған музей өкілдерінің айтуынша, 10 маусымда бастау алған бұл маңызды ғылыми жоба бір ай көлемінде жалғасып, ежелгі қаланың құпия сырларын ашуға бағытталды.

