Жарнама
Мәдениет

САЙЫС АЛАҢЫНДА — ӘУЕСҚОЙ СПОРТШЫЛАР МЕН БАЛЫҚШЫЛАР

 Кәсіби мереке - балық шаруашылығы қызметкерлері күніне орай жұмада басталған мерекелік шаралар легі сенбіде одан әрі жалғасты. Қаладағы ,,Мұнайшы" спорт кешенінің кіші стадионында сала еңбеккерлері арасында минифутболдан турнир өтті.

-Теңбіл доп додасына барлығы 15 команда (оның ішінде бір-бірден ,,Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен ,,Жайық Атырау» бекіре балығын өсіру зауытының және балық шаруашылығы субъектілерінің құрамалары) қатысып, өзара бақ сынасты. Командалардың бәрі дерлік шебер ойын үлгісін көрсетіп, сайысқа жақсы дайындықпен келгендіктерін байқатты. Сондықтан да олардың арасынан мықтыларды анықтау қиынға соқты. Дегенмен ,,жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан командалар сәйкесінше жүлделі орындарды бөлісті. Жеңімпаз деп танылған құрамалар мен үздік ойыншыларға арнаулы байрақтар мен бағары сыйлықтар табысталды, — деді ұйымдастыру алқасының төрағасы, ,,Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылық инспекциясы басшысының орынбасары Артур Сәдібекұлы.

a98f2af6 f134 470a 9812 1b69bc213f64

-Бұл күні балықшылардың төл мерекесі құрметіне әуесқой спорттық балық аулаудан сайыс ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара
Атырау қаласы, Дамбы ауылдық округі аумағындағы Жайық өзені тұсында Үш арал аймағында өткізілді. Сондай-ақ осы күні «Мұнайшы» стадионының алаңы мен Нұрсая шағын ауданындағы «Сарайшық» коммуналдық базарында мерекелік жәрмеңке де жалғасын тапты.

Дәулетқали АРУЕВ,
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button