Жарнама
Мәдениет

Республикалық көркемсурет байқауы жарияланды!

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Мəдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК Директорының м.а. 2022 жылғы 5 тамыздағы «Конкурс комиссиясын құру жəне ережесін бекіту туралы» №142-н/қ бұйрығына №2 қосымша «Ортеке – балалар көзімен» атты республикалық көркемсурет конкурсын өткізу қағидалары

І. Жалпы ережелер 1.1. Осы «Ортеке – балалар көзімен» атты республикалық көркемсурет конкурсын өткізу қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) Материалдық емес мəдени мұраны қорғау туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында əзірленген; 1.2. Осы Қағидалар «Ортеке – балалар көзімен» атты республикалық көркемсурет конкурсын (бұдан əрі – Конкурс) өткізу үшін негізгі құжат болып табылады жəне оның мақсаттары мен міндеттерін, қатысушылар құрамын, ұйымдастыру жəне өткізу мерзімдерін, бағалау өлшемшарттарын, конкурстық іріктеу жəне жеңімпаздарды марапаттау тəртібін айқындайды;

1.3. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері: — балалардың шығармашылық жұмыстары арқылы Қазақстанның мəдени мұрасын сақтау, жаңғырту жəне насихаттау; — Қазақстанның мəдени мұрасы туралы білімді қалыптастыру; — балалардың «Ортеке» ұлттық биіне деген тұрақты қызығушылығын дамыту; — дарынды қатысушыларды анықтау жəне қолдау: — балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық, елі мен халқына деген мақтаныш сезімін сіңіру: — балалардың шығармашылық қабілетін дамыту; — балалардың бойында эстетикалық мəдениет, қоршаған əлемге деген мейірім сезімдерін қалыптастыру;

1.4. Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Мəденинт жəне спорт министрлігі Мəдениет комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі (бұдан əрі – Ұйымдастырушы) ЮНЕСКО жəне ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комииссиясы, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы, Қазақстан Республикасы Ағарту министрлігі, Нұр-Сұлтан жəне Алматы қалаларының əкімдігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық комитеті материалды емес мəдени мұраны қорғау комитеті болып табылсын.

ІІ. Конкурсты өткізудің шарттары мен тəртібі 2.1. Конкурсты дайындау мен өткізуді Ұйымдастырушы жүзеге асырады; 2.2. Конкурс туралы ереже ақпараттық интернет-ресурстарда, сондай-ақ республикалық жəне жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады: 2.3. Конкурс онлайн форматта өтеді; 2.4. Конкурс аясында жеңімпаздардың үздік жұмыстарының онлайн көрмесі өткізіледі; 2.5. Конкурсқа жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының тəрбиеленушілері, балалар мен жастар ұйымдарының мүшелері қатыса алады;

2.6. Конкурсқа ұсынылатын шығармашылық жұмыстар келесі жас санаттары бойынша қарастырылады: 1) 1-санат: 5-ші сыныптан 8-ші сыныпқа дейін (қоса алғанда); 2) 2-санат: 9-шы сыныптан 11-сыныпқа дейін (қоса алғанда); 2.7. Ұйымдастырушы үміткерлерден Конкурсқа қатысу жөніндегі шығармашылық жұмыстары мен балалардың сауалнамасын 2022 жылғы 10 қыркүйек – 25 қазан аралығында orteke_kz.2022@mail. ru электрондық поштасы арқылы қабылдайды. Шығармашылық жұмыстар мен сауалнамалар 6..1(Қосымша 1) бір электрондық хатта жіберілуі керек; 2.8. Шығармашылық жұмыстар сапалы цифрландырылуы, JPEG форматына жəне full HD (1920х1080) кеңейтілуіне сəйкес болуы тиіс; 2.9. 2022 жылғы 10 қараша күні қазылар алқасы байқау нəтижелерін жариялап, байқау жеңімпаздарының онлайн-көрмесін ұйымдастырады; 2.10. Қосымша ақпарат алу үшін Конкурс ұйымдастырушысына келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7172) 919-035, 919- 036 (ішкі.624, 639, 648, 635, 652).

ІІІ. Шығармашылық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар 3.1. Конкурсқа А3 форматты қағазда (қалың қағазда) орындалған щығармашылық жұмыстар қабылданады. Жұмыс мөлшері басқа модельдерде А3 форматынан аспауы керек, мысалы, тіктөртбұрыш немесе шаршы; 3.2. Шығармашылық жұмыстарды кез-келген техникада жасауға болады (тушь, май, гуашь, акварель, пастель, түрлі-түсті қарындаштар, қалам, компьютерлік графика, аралас техника жəне т.б.); 3.3. Конкурсқа ұсынылған шығармашылық жұмыстардың рецензиялары авторларға жіберілмейді; 3.4. Авторлардың бірлесіп орындаған шығармашылық жұмыстары қабылданбайды; 3.5. Шығармашылық жұмыстар ата-аналар мен мұғалімдердің көмегінсіз орындалуы керек; 3.6. Шығармашылық жұмыстар Конкурс тақырыбына сай болуы керек; 3.7. Шығармашылық жұмыстар қосымша безендірусіз қабылданады; 3.8. Бір қатысушы ұсынатын шығармашылық жұмыстардың саны 1 (бір) данадан аспауы тиіс; 3.9. Осы талаптарға сəйкес келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.

IV. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау критерийлері 4.1. Конкурсқа ұсынылған шығармашылық жұмыстар негізінде Конкурс жеңімпаздарын қазылар алқасы анықтайды; 4.2. Қазылар алқасы байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау кезінде əр жас санаты үшін келесі критерийлерді басшылыққа алады; — жұмыс мазмұнының конкурс тақырыбына сəйкестігі; — көркемдік шеберлік (суретті орындау техникасы мен сапасы); — мазмұнының ерекшелігі; — конкурстық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптарға сəйкестігі;

V. Қорытынды шығару жəне конкурс қатысушыларын марапаттау 5.1. Қазылар алқасы ұйымдастырушылар шығармашылық жұмыстарды ұсынған сəттен бастап үш жұмыс күні ішінде əр жас тобындағы үздік жұмыстарды іріктейді жəне конкурстың қорытындысын шығарады; 5.2. Əр топта үш жүлделі орын бекітіледі; 5.3. Ұсынылған суреттерді бағалау осы Ереженің 4,2-тармақшасында көрсетілген критерийлер бойынша он ұпайлық жүйемен жүзеге асырылады. Шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде əр критерий бойынша 0-ден 10-ға дейін ұпай қойылады. Ең жоғары ұпай шығармашылық жұмыс критерийлерге толық сəйкес келген жағдайда беріледі. Сурет критерийге толық сəйкес келмеген жағдайда ұпай сəйкестік дəрежесіне қарай беріліп, əрбір критерий бойынша жинақталады. Ең көп ұпай жинаған үміткер Конкурс жеңімпазы атанады; 5.4. Конкурс үміткерлері бірдей ұпай жинаған жағдайда жеңімпазды қазылар алқасы ашық дауыс беруі арқылы анықтайды; 5.5. Қазылар алқасының Конкурс қорытындылары туралы шешімі хаттамамен ресімделеді жəне Конкурс жеңімпаздарын марапаттау үшін негіз болып табылады; 5.6. Жас топтарында 1-ші орын алған конкурс қатысушыларына Конкурс жеңімпаздары атағы, сыйлықтар мен дипломдар беріледі. 2-ші жəне 3-ші орындарға ие болған Конкурс қатысушыларына Конкурс жүлдегерлері атағы беріледі, естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталады. Жүлделі орындарға ие болмаған Конкурс қатысушыларына сертификаттар табысталады;

5.7. Жеңімпаздарды марапаттау рəсімі келесі мекен-жайда өтеді: Нұр-Сұлтан қаласы, Тəуелсіздік даңғылы, 54, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі. Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда жүлдегерлерге марапаттар пошта арқылы жіберіледі; 5.8. Конкурс жеңімпаздары марапаттау рəсіміне шығармашылық жұмыстарын əкеледі. Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда шығармашылық жұмыстар пошта арқылы немесе басқа да тəсілдермен келесі мекен-жайға жіберілуі тиіс: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тəуелсіздік даңғылы, 54, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі; 5.9. Конкурсқа ұсынылған шығармашылық жұмыстар авторларға қайтарылмайды; 5.10. Ұйымдастырушы жеңімпаздардың үздік шығармашылық жұмыстарын халық назарына ұсынады, үздік 50 жұмыс www. nmrk.kz.ru сайтында жəне @orteke_kz.2022 конкурстың Instagram-парақшасында жарияланатын болады.

VІ. Конкурсты ақпараттық қолдау 6.1. Конкурсты ақпараттық қолдау мақсатында Ұйымдастырушы бұқаралық ақпарат құралдарына пресс-релиз жəне конкурс туралы толық ақпаратты ұсынады.

apraprparaprarpar

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button