Жарнама
Мәдениет

Қазақстандағы ең кішкентай 5 жасар дирижер Атырауда тұрады

Атырау облысы Исатай ауданынында бүлдіршіндерден құралған оркестр бар.
Оркестрдің кішкентай өнерпаздарының ең үлкені 5 жасар, қалғандары 3-4 жастағы бүлдіршіндер. Бұл туралы республика Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Құлыншақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Ясина Нәбеннің дирижерлік таланты көпшілікті сүйсіндірді. Ол оркестрге 3 жасынан бастап қатысып келеді екен.

«Оның музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына қарай қимыл қозғалысы, көзқарасы кәсіби мамандардан кем емес. Оның музыканы сезінуі таң қалдырады», – дейді музыка жетекшісі Шұға Қайырлиева.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button