Қазақ жерінің кереметтері — фотокөрмеде

4p5a9489 2 Мәдениет

Республика көлемінде ең ауқымды фотокөрме өтеді. Бұл туралы журналист, қоғам қайраткері, публицист, фотограф Жан Ақжанов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментімен бірлесе 30 жыл көлемінде болмаған ауқымды фотокөрме ұйымдастыру үстіндеміз. Көрмедегі авторлық суреттер тек Республиканың облыс орталықтарын ғана емес, аудандарын да толық қамтымақ. Біздің мақсат еліміздегі 60% аудандардағы тұрғындарға Қазақ жерінің кереметтерін көрсету. Сондай-ақ, бұл Мемлекеттік қызмет істерінің атқарып жатқан жұмыстарын көрсетітін таптырмас мүмкіндік. Бұл көрме арқылы қандастарымыз рухани байып қана қоймай, еліміздің көп танылмаған жерлерін суреттер арқылы тамашалай алады. Суреттерге баға беру үшін арнайы шет елдерден қонақтар шақырылады, деді Ж.Ақжанов.
Қоғам қайраткерінің айтуынша, сурет көрмесін ашудағы басты мақсат – еліміздің жастарының жерге деген махаббаты мен сүйіспеншілігін арттыру. Республикалық көрме үшін фотоматериалдар жинау жұмысы Атырау облысының тарихы ашылмаған жерлерін түсірумен басталып отыр. Ал, фотокөрме осы жылдың қыркүйек айында өтеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз