Жарнама
Мәдениет

ОН КҮНГЕ СОЗЫЛҒАН ӨНЕР САЛТАНАТЫ

Сапарын «Бейбарыс сұлтан» қойылымымен қорытындылаған театр актері, Қазақстанның Халық әртісі, режиссер Тұңғышбай Әл-Тарази қасиетті Жайықты жағалаған қалың елге сапар барысында көңіл бұлтында бұлқыныс, жүрек соғысында толқыныстың болғанын айтты. «Өйткені, ұлы өнердің алдында барлығымыз төменбіз» деген ол ыстық ықыластары үшін қалың көрерменге ризашылығын жеткізді. Өз кезегінде М.Әуезов атындағы театрдың директоры, көркемдік жетекшісі Еркін Жуасбеков облыс әкімдігіне, облыстық мәдениет басқармасына және Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрына гастрольдік сапарды ұйымдастырудағы қолдауы үшін зор ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, театр ұжымына облыс әкімі атынан Алғыс хат пен ықылас гүлі табысталды.
Ең бастысы, халық әкемтеатр қойылымдарын жылы қабылдады. Он күн бойы театрға ағылған халық рухани демалып, бір жасап қалды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button