Жарнама
Мәдениет

Өнердің өрнекті үлгісі

Мақат ауданы Доссор кентіндегі «Доссор» мәдениет үйінің сахнасында «Талшын» инклюзивті театрының ерекше қойылымы өтті. Театр Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» атты отбасылық драмасын сахналап, көрермендердің жүрегіне жол тапты. Бұл қойылым қазіргі қоғамдағы отбасылық мәселелерді шынайы бейнелеп, көрермендерге терең ой салды.

a3979ff8 28ef 4c06 baa7 3d7c031b590c

Қойылым барысында көрермендер актерлердің кәсіби шеберлігін айқын сезінді. Әртістер қойылымға тыңғылықты дайындалып, кейіпкерлердің жан дүниесін шынайы жеткізе білді. Кейіпкерлерді Есболат Балабаев, Дәурен Жәрдемов, Гүлназ Қосмурзиева сынды талантты актерлер сомдап, көрермендерді терең әсерге бөледі. Қойылым барысында басты кейіпкерлердің бірін қоларбасымен қоса итеріп құлатқан сәт көрермендердің ерекше эмоциясын тудырды, олар өздерін сол оқиғаның ішінде жүргендей сезінді. Қойылым соңында актерлерге алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды.
«Талшын» инклюзивті театры – Атырау қаласында 2023 жылы құрылған ерекше өнер ұжымы. Театрдың басты мақсаты – мүгедектігі бар жандарды шығармашылыққа тартып, олардың қоғамдағы орнын айқындау және өнер арқылы инклюзияны насихаттау.
«Бір түп алма ағашы» – Әлімбек Оразбековтың бұл отбасылық драмасы мейірімділік пен адамгершілік тақырыбын қозғайды. Театр бұл спектакльді 2023 жылдың 16 тамызында сахналап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Сатиралық комедия жанрындағы бұл қойылым театрдың репертуарын толықтырып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Театр құрылғаннан бері өңірге кеңінен танылып, көрермендердің сүйіспеншілігіне ие болды. Жуырда Жылыой ауданының тұрғындарына өз қойылымдарын ұсынып, өзге де аудандардан шақыртулар алып жатыр.
«Талшын» театры өз қызметін әлеуметтік желілерде белсенді түрде насихаттап, көрермендермен тығыз байланыс орнатуда. Олардың Instagram парақшасында алдағы қойылымдар мен жаңалықтар туралы ақпараттар жарияланып тұрады.

«Талшын» инклюзивті театры мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық әлеуетін ашып, қоғамға олардың өнерін танытуда маңызды рөл атқарып келеді.

Әділхан НҰРСҰЛТАНОВ,
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау университеті журналистика
мамандығының ІІІ курс студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button