Жарнама
Мәдениет

Музейде көрме өтті

Облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Ұлыстың ұлы күні — Наурыз» мерекесіне арналған «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты музей қорындағы қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырылды.


Музей қызметкерлерінің айтуынша, шараның мақсаты — оқушыларды қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету.
Халық қолөнерінің бай мұралары өнер музей қорында бар. Шарада Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің VIII сынып оқушыларына қазақ халқының қолөнері – көшпенді халықтың қолданысына ыңғайлы сәнді бұйымдар жасайтын қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдармен жасақталған қолөнер залдары таныстырылып, музей залдарына экскурсия жүргізілді.


Ақарыс АЙДАРБЕК

img 20240320 wa0066

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button