Жарнама
Мәдениет

МЕРЕЙДІ ӨСІРГЕН МАРАПАТ

Облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Диас Сұлтанов қызығы мен қиындығы қатар жүретін атаулы саланың қызметкерлері мен  ардагерлерін құттықтады. Сала қызметкерлері жылы лебіздерге бөленіп, қажырлы еңбектері үшін түрлі марапаттарға ие болды. Өйткені, еліміздің рухани байлығын дамытып, мәдени мұраларымыздың сақталып, ұрпаққа жетуіне олар зор үлес қосып келеді.

 — Өнер мен мәдениеттің киелі ошағы саналатын өңірімізде көптеген талантты жандар қоғам үшін талмай жемісті еңбек етіп жүр. Ел игілігі үшін тер төгіп жүрген  мәдениет қызметкерлеріне шат-шадыман көңіл-күй тілеймін, шығармашылық шабыттың биік шыңынан көріне беріңіздер, — деген Мәдениет, ақпарат және спорт қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы Қуандық Батыров мәдениетке және өнерге сіңірген еңбегі үшін Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония басшысы Ғаділ Дүйсенғалиев пен қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Ақылбек Рысқалиевтің кеудесіне  Мәдениет қызметкерлері кәсіподағы республикалық комитетінің «Құрмет белгісін» тақты.

 — Мәдениет –  әр елдің баға жетпес қазынасы. Өңірімізде халыққа қызмет көрсетуші мәдениет қызметкерлеріне қашан да зор көңіл бөлініп келеді. Бүгін де осындай құрметке бөленіп отырмыз, — деген Ғаділ Дүйсенғалиев осы шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 Сонымен қатар, саналы ғұмырын облыстың мәдени өміріне арнаған және белсенді қызмет атқарған бір топ қызметкерлерге  Мәдениет, ақпарат және спорт қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы табысталды.

Салтанатты шара барысында құрмет иелері ізгі тілектерін білдірсе, өнерпаздар ән айтып мерекенің шырайын келтірді.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button