Жарнама
Мәдениет

Мәдени мұралар – ҰЛТ ТАРИХЫ

ТАРИХТЫ ТАНУ, ӨЛКЕНІҢ КӨНЕ ШЕЖІРЕСІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН МҰРАЛАРЫН БІЛУ – ҰРПАҚ ҮШІН ЗОР МӘНГЕ ИЕ. ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ РУХТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БІР ТЕТІГІ МУЗЕЙЛЕРМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ. ЖҰРТ МӘДЕНИ ОРЫНДАРҒА ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖИІ БАРАДЫ? ӨЛКЕ ТАРИХЫН МЕҢГЕРТУ БАҒЫТЫНДА ҚАНДАЙ ЖҰМЫСТАР ЖАСАЛУДА? АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБАЛАРДЫҢ АТЫРАУДА ЖҮРГІЗІЛУІ ҚАНШАЛЫҚТЫ? «САРАЙШЫҚ САПАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен «дөңгелек үстелге» жиналғандар осы сауалдар төңірегінде ой өрбітті.

– Қазақстан археологиясы тəуелсіздік дəуірінде лайықты даму жолынан өтті. 1991-1997 жылдар аралығын нарықтық экономиканың жаңа жағдайларына бейімделу кезеңі, 2004 жылға дейін тұрақтандыру кезеңі, сол жылдан бүгінге дейін ел экономикасының өсуімен қатар, «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы арқылы серпіліс болған кезең деп атауға болады, — дейді «Атырау облысының археологиясы – реформалаудың маңызы мен ерекшелігі» тақырыбындағы шараны ашып, жүргізген бірлестік филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дəулетқазиев.

Байырғы ұстаз өлке тарихын тануға қатысты дəріс сағатының аз екенін, сп орт, мəдениет, тілдерді дамыту секілді ірі салалардың бір құрылымға топтасуы да істің ілгерілетуге кері əсерін тигізіп отырғанын жасырмады. Қалалық мəслихаттың депутаты ретінде жалақысы аз жұмысқа ешкім қызықпайтынын, музейлердің жағдайы да мəз еместігін ортаға салды.

– Атырау музейіне жаңа, кең ғимарат керек-ақ. Барған баланың қай-қайсысы да зор қызығушылықпен келеді. Тарихты танытуда бұл нысандардың ролі орасан, – деді Ерболат Ғұсманұлы. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім басшысы Айдос Қалшабаев та бұл сөзді қостады. – Жаңа музей салу туралы мəселе көтерілгенімен, нақты шешімін тапқан жоқ. Қазіргі тұрған орнын қарастырып, сол жерге салып берсе, қуанышты болар едік. Қорда 89 мыңдай экспонат бар, олардың көпшілігі қоймадан шыққан да жоқ. Өйткені, жəдігерлерді қоятын зал жетіспейді, – деді ол.

Партия өкілдері де қала қонақтарын мұнайлы өңір тарихымен таныстыруға септесетін бірден-бір мəдени нысанның маңызды екенін айтты. Музей басшылығы мектеп оқушылары үшін наурыз айында тегін экскурсия ұйымдастырған. «Дөңгелек үстел» басындағылар мұндай шараны əлі де жалғастыру қажеттігін айтып, келушілерді көбейтуге ұсыныстарын берді. Тарихи-мəдени мұраны зертт е у о р т а л ы ғ ы н ы ң д и р е к т о р ы Мұхамбетқали Қипиев Атырау облысы бойынша 1388 тарих жəне мəдениет ескерткіші мен тарихи-мəдени мұра нысаны тіркелгенін айтты. Оның ішінде 313 жергілікті маңызы бар ескерткіш мемлекет қорғауында. 1071 нысан алдын-ала есепке алу тізіміне тіркелген.

– Археологиялық ескерткіштерді қорғауға қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстары – өзекті мəселенің бірі. Мұндай ескерткіштердің көбі далада, елсіз жерлерде орналасқан. Оларды анықтап, есепке алу, паспорттау секілді жұмыстармен қатар, өз бетімізбен тапсырыс беріп, қазба жұмыстарын жүргіземіз. Археологиялық жұмыстар лицензия арқылы жүзеге асады, – деді Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы.

Орталық жыл сайын ескерткіштерді бақылап, мониторинг жүргізеді. Қазір облыс аумағындағы 75 тарихи-мəдени мұра нысанына QR тақтайшалар қондырылған. Ал, облыстың археология саласында мамандардың аздығы көп іске қолбайлау. Соған қарамастан, соңғы кезде қазба жұмыстары қарқын ала бастады. Бұл салада еңбек етіп жүрген археолог Марат Қасенов қала аумағындағы Ақтөбе-Лаэти қалашығына қатысты мəселе көтерді. Мамандардың айтуынша, биыл көне Сарайшық қаласындағы балбал тастары бар тағы бір қорғанды да қазу жоспарланған. Басқосуға қатысушылар қазба жұмыстарын жүргізудегі мақсат – бағалы байлық іздеу емес, көне тарихтан сыр шертетін жəдігерлерді табу екенін айрықша атап өтті. Қазір Сарайшықтағы сапар орталығының құрылысы жүріп жатыр, ол нысан аяқталған кезде ішкі туризмді дамыту мəселесі жаңаша бағыт алмақ. Келелі кеңесті қорытындылаған филиалдың бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев айтылған мәселелер негізінде арнайы хат дайындап, оларды мемлекеттік деңгейде көтеру, депутат ретінде олардың орындалуына мүдделі болу жоспарда екенін айтты.

Гүлжан ƏМІРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button